Жанкүйерлер Адинаны «Данилдің назарын бөлді» деп айыптап, турнир барысында жанкүйерлік симпатиясын ауыстырды деген пікір білдірді
PGL Cluj-Napoca 2026 турнирінде назар тек CS2 бойынша әлемдік топ-ойыншыларға ғана емес, Қазақстаннан келген жанкүйер Адинаға да ауды. Ол видеооператорлардың назарына жиі ілініп, видеосы әлеуметтік желілерде лезде тарап кетті. Ол кім?
PGL Cluj-Napoca 2026-дағы ең колоритті кейіпкерлердің қатарында Адина Жүсіпова мен Olimpbet Esports өкілі Алдияр Джекешов болды. Екеуі Румынияға беделді турнирде өнер көрсеткен қазақстандықтарды қолдауға арнайы ұшып келген. Атап айтқанда, FURIA сапындағы Данил «molodoy» Голубенко мен PARIVISION командасының бапкері Дастан «dastan» Ақбаев.
Алайда кей жанкүйерлер Адинаны «Данилдің назарын бөлді» деп айыптап, турнир барысында жанкүйерлік симпатиясын ауыстырды деген пікір білдірді. Бұған себеп — қазақстандық қыздың The MongolZ фанаттарымен еркін тіл табысуы, сондай-ақ бастапқыда molodoy-ды қолдап, FURIA жарыстан шыққаннан кейін Дастанды жақтауы болды.
«Мен отандастарымды қолдадым — бұл мен үшін табиғи нәрсе», — деп түсіндірді Адина. Оның айтуынша, моңғол жанкүйерлерімен ортақ тіл тез табылған, ал бразилиялықтарға ренжитін себеп жоқ.

Жеке эпизод ретінде супертанымал стример **Иван StRoGo Шурпатов** қыздың әрекетін ашық сынауы да қызу талқыланды. Адина жауапты ұзақ күттірмеді: эфир кезінде ол стримердің ойын көрсеткіші тым төмен — 0.5 KD екенін телефон экранында көрсетті. Әдетте өте сөзшең Иван сол сәтте тосылып қалды.
«StRoGo-мен толыққанды қақтығыс болған жоқ. Мен тек өзіме айтылған пікірлерге жауап беруді жөн көрдім», — деді ол.
Осылайша, molodoy-дың «қалыңдығы» атанған Адина PGL-дің нағыз сенсациясына айналды. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер оның қатысуымен роликтер түсірді. Ал ерекше құрметті ол **Алекси «Aleksib» Виролайненнен** көрді: Natus Vincere капитаны Адинаға арқасында никнеймі жазылған өзінің күртесін сыйға тартты.
«Мұндай қадамды мүлде күтпедім. Бұл — турнирдегі ең есте қаларлық сәттердің бірі», — деп бөлісті ол.

Адина Жүсіпованың PGL Cluj-Napoca 2026 және басқа да шаралардағы ең көп талқыланған видеоларын Olimpbet Esports-тің TikTok, Instagram, Telegram және YouTube парақшаларынан тамашалаңыз.