Финал 27 ақпанда өтеді.
Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен өтіп жатқан рейтингілік жарыста ұлттық құраманың екі балуаны ақтық сынға жолдама алды.
Әйелдер арасында -50 келі салмақта ел чемпионы Зейнеп Баянова іріктеуде АҚШ, Жапония және жартылай финалда Үндістан спортшысын жеңді. Ертең отандасымыз финалда тағы бір үндістандық Прианши Праджапатпен күш сынасады.
Ал -55 келі салмақтағы Лаура Алмағанбетова алғашқы белдесуде Үндістан, кейін Германия өкілі Анастасия Блейвастан басым түсіп, ақтық сынға өтті. Оның шешуші айқастағы қарсыласы Лилия Маланчук (Украина) болады.