Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Садулаевқа жол берді»: Қазақстан құрамасының қос балуаны Тиранада қола жүлде иеленді

26.02.2026, 22:58

Жерлестеріміз жұбаныш белдесулерін өз пайдасына шешті.

«Садулаевқа жол берді»: Қазақстан құрамасының қос балуаны Тиранада қола жүлде иеленді
ҚР ҰОК

Еркін күрестен ҚР ұлттық құрамасының балуандары Ризабек Айтмұқан мен Азамат Дәулетбеков Тиранада өтіп жатқан рейтингтік турнирде қола жүлдегер атанды.

97 келіде белдескен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан жартылай финалға дейін жеткен еді. Алайда финалға шығар белдесуде екі дүркін Олимпиада чемпионы, ресейлік Абдурашид Садулаевқа 14:3 есебімен жол берді. Ал қола жүлде үшін күресте Үндістан балуанын 10:0 есебімен қапы қалдырды. Аталған салмақта белдескен тағы бір қазақстандық балуан Нұрдәулет Бекенов жұбаныш белдесуінен бас тартып, жүлдеден тыс қалды.

92 келіде Азамат Дәулетбеков Тирана турнирінің қола жүлдесіне қол жеткізді. Ол үшінші орын үшін белдесуде құрамадағы өзінің әріптесі Камиль Куруглиевті 4:0 есебін жеңді.

Әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері Азамат Дәулетбеков іріктеу бәсекесінде Иран балуанынан 5:0 есебімен жеңілгенімен, қарсыласы финалға шығуына байланысты жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алған. Ол аталған сында Қырғызстан балуанынан басым түсті.

Айта кететін жайт, Тирана турнирінде 97 келіде белдескен Олимпиада чемпионы Кайл Снайдер (АҚШ) ширек финалда ресейлік Мухамед Ханиевке есе жіберді. Ал қола жүлде үшін күресте Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, әзірбайжандық Магомедхан Магомедовтен басым түскен. Ал бұл салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев топ жеңімпаз атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам