Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Италиялық гольфшы Африкада лифт шахтасына құлап кетті

27.02.2026, 11:20

Оқиға чемпионат басталардан бірнеше сағат бұрын болған.

Италиялық гольфшы Африкада лифт шахтасына құлап кетті
mirror.co.uk

Италиялық гольфшы Андреа Паван Оңтүстік Африка Республикасында өтетін сол елдің ашық чемпионаты қарсаңында лифт шахтасына құлап, ауыр жарақат алды. Бұл туралы La Gazzetta dello Sport басылымы хабарлады.

Оқиға чемпионат басталардан бірнеше сағат бұрын болған. 36 жастағы спортшы Кейптаун маңындағы ғимаратта лифт шақырған. Алайда есік ашылғанда кабина болмай, спортшы ішке кірген сәтте үш қабат биіктіктен құлап кеткен.

Дәрігерлер Паванға иығы мен арқасындағы көптеген жарақаттарына байланысты бірнеше күрделі ота жасағанын мәлімдеді. Дегенмен, оның өміріне қауіп жоғы айтылды. Спортшы қазір есін жинап, аяқтарын қозғалта бастаған.

DP World Tour өкілі Паванның жарақатына байланысты ОАР ашық чемпионатына қатысудан бас тартқанын растап отыр.

Андреа Паван бұған дейін Еуропа турнирлерінде екі рет жеңіске жеткен. Мәселен, 2018 жылы D+D Real Czech Masters және 2019 жылы Мюнхенде өткен BMW International Open турнирлерінде топ жарған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам