Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақтың қос қызы Албаниядағы аламанда топ жарды

26.02.2026, 23:40

Бұл - рейтингілік жарыс.

Қазақтың қос қызы Албаниядағы аламанда топ жарды
t.me/DRSQazaqstan

Албания астанасы Тиранадағы рейтингілік турнирде Қазақстан әйелдер құрамасының өкілдері Зейнеп Баянова (-50 кг) мен Лаура Алмағанбетова (-55 кг) алтын медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасында -50 келі салмақта бақ сынаған Зейнеп Баянова іріктеу кезеңінде АҚШ пен Жапония спортшыларын, жартылай финалда Үндістан балуанын жеңіп, финалға жолдама алды. Шешуші белдесуде үндістандық Приянши Праджапатты 13:2 есебімен сенімді ұтып, турнир жеңімпазы атанды.

Ал 55 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағанбетова алғашқы айналымда Үндістан спортшысынан, кейін Германия өкілі Анастасия Блейвастан басым түскен болатын. Ақтық сында украиналық Лиллия Маланчукпен тартысты белдесу өткізіп, 3:2 есебімен қарсыласынан айласын асырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам