Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық конькиші әлем чемпионы атанды, бірақ ескі әнұран қойылды

27.02.2026, 16:35

Отандасымыз 500 метр қашықтықта алтын медаль иеленді.

Қазақстандық конькиші әлем чемпионы атанды, бірақ ескі әнұран қойылды
ҰОК

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Отандасымыз 500 метр қашықтықта алтын медаль иеленді. Шумекова 38.48 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жеке рекордын жаңартты.

Екінші орынды канадалық Джулия Снелгров (38.78) иеленсе, үздік үштікті польшалық Виктория Дабровска (38.96) түйіндеді.

Анастасия Беловодова 12-орын алды, Варвара Глухова - 13-орын, Алина Шумекова - 30-орын, Айзада Рымбек - 54-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, осы қашықтықта 2010 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Екатерина Айдова да Қазақстанға алтын медальді сыйлаған еді.

Өкініштісі, жеңімпазды марапаттау кезінде тағы да Қазақстанның ескі әнұраны қойылды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам