Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Хифуми Абэ Ташкент Гранд Слэмінде жеңімпаз атанды

27.02.2026, 22:12

Ол бес белдесу өткізді.

Хифуми Абэ Ташкент Гранд Слэмінде жеңімпаз атанды
gettyimages

Дзюдодан бүгін Ташкентте басталған Гранд Слэм бәсекесінде екі дүркін Олимпиада чемпионы Хифуми Абэ жеңімпаз атанды. 

66 келіде сынға түскен жапон балуаны турнир барысында бес белдесу өткізді. Ол алғашқы айналымда Израиль спортшысын жеңсе, 1/8 финалда грузин балуанынан басым түсті. Ширек финалда Өзбекстан дзюдошысының осал тұсын тапқан Хифуми финалға шығар жолда Италия балуаны Валерио Аллоглиді қапы қалдырды. Чемпиондық белдесуде өзінің отандасы Шинсей Хатториден айласын асырды. 

Аталған салмақта қола медальды ресейлік Абдуллах Паршиев пен тәжік балуаны Нұрәли Эмомали иеленді.

Өкінішке қарай, бүгін жарыс жолына шыққан Қазақстан балуандары 60 және 66 келіде белдескен еді. Алайда ұлттық құрама балуандары алғашқы айналымда сүрініп, жарысты жүлдесіз аяқтауға мәжбүр болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам