Аса ауыр салмаққа күресетін Ерасыл Қажыбаев жартылай финалға дейін жеткен болатын.
Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан Гранд Слэм турнирінің соңғы жарыс күнінде татамиге шыққан Қазақстан балуандарының біреуі ғана жүлде үшін белдесетін болды.
Аса ауыр салмаққа күресетін Ерасыл Қажыбаев жартылай финалға дейін жеткен болатын. Алайда ол финалға шығар белдесуде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Алишер Юсуповқа жол берді. Енді ол қола жүлде үшін әзірбайжандық Жамал Гамзатхановпен шеберлік байқасады.
Айта кететін жайт, Ерасыл Қажыбаев іріктеу кезеңінде Қытай балуанын жарыстан шығарса, ширек финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Мұзафарбек Туробоевты жеңді.
Бүгін татамиге шыққан өзге отандық балуандар арасында Барақ Арқабай (-90) қырғызстандық спортшы Данияр Мелисовті жеңді. Алайда екінші белдесуінде ресейлік Астемир Абазовтан айласынасыра алмай қалды.
-100 келіде Бейбіт Мадеев алғашқы айналымда оңтүстіккореялық спортшыға жол берсе, Бақжан Байтас Грузия балуанына жол берді. Ал аса ауыр салмақта Еламан Ерғалиев алғашқы қарсыласы Қытай өкілін жеңгенімен, ширек финалда әзірбайжандық Канан Насибовтан кемшін түсті.