ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақтан дзюдошысы Еуропа кубогының финалында этникалық қазақ балуанына жол берді

01.03.2026, 11:41

Бұл белдесу 66 келі салмақта өтті.

Қазақтан дзюдошысы Еуропа кубогының финалында этникалық қазақ балуанына жол берді
pricom.kz

Испанияның Мостолес қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан Еуропа кубогында Қазақстан балуандары 4 жүлде иеленді. 

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан жастар құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Қыздар арасында Руслана Махатова +78 келі салмақта үздік атанып, алтын медаль иеленді. 

Руслана Махатова іріктеу кезеңінде Грузия балуанын жеңсе, жартылай финалда тағы бір қазақстандық балуан Рамиля Арыстанбековадан айласын асырды. Шешуші белдесуде франциялық Блёэн Эртоны қапы қалдырды. 

Ал 66 келіде Қайырғали Роллан мен -78 келіде Гүлсезім Тұрлыбек күміс медальға ие болса, 73 келіде Мұхамедәли Зәкіров қола жүлде еншіледі. 

Айта кететін жайт, 66 келідегі отандық татами шебері Қайырғали Испания атынан күресетін этникалық қазақ балуаны Батырхан Асанәлиевке жол берді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам