Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық конькишілер әлем чемпионатында алты алтын медаль жеңіп алды

01.03.2026, 17:17

Бұған Кристина Шумекова бес медаль жеңіп алды.

Қазақстандық конькишілер әлем чемпионатында алты алтын медаль жеңіп алды
Getty Images

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан бір күнде екі алтын медаль иеленді. 

Алдымен Варвара Глухова, Анастасия Беловодова және Кристина Шумековадан құралған әйелдер құрамасы командалық спринтте қарсыластарынан оқ бойы озып, әлем чемпионы атанды.

Ал масс-стартта 18 жастағы Вадим Чебардаков топ жарып, чемпион атанды. 

Нәтижелер:

Вадим Чебардаков - 5:29.87

Кирилл Пищала - 5:30.01

Юта Фусигами - 5:30.27

Осылайша, Қазақстан үшін бұл жасөспірімдер әлем чемпионатындағы алтыншы алтын болды. Бұған дейін Кристина Шумекова жекелей жарыстарда төрт алтын және бір күміс медаль иеленген еді.

Бүгін кешкі сессияда қазақстандықтар тағы бір жүлде үшін таласады. Анастасия Беловодова, Кристина Шумекова, Михаил Матрюхин және Руслан Жанәділов аралас эстафетада ел намысын қорғайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам