Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бибісара Асаубаева FIDE рейтингінде үздік ондыққа енді

02.03.2026, 12:25

Шахматшы қыз Нидерландтағы турнирде 19 ұпай еншіледі.

Бибісара Асаубаева FIDE рейтингінде үздік ондыққа енді
Қазақстан шахмат федерациясы

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) жаңартылған рейтингінде үздік ондыққа кірді.

Асаубаева Нидерландтың Вейк-ан-Зее қаласында өткен Tata Steel Chess Challengers 2026 турнирінде сәтті өнер көрсетті. Жерлесіміз 13 партияның төртеуінде жеңіске жетіп, жетеуін тең нәтижемен аяқтап, тек екі рет жеңілді. Нәтижесінде қазақстандық шахматшы рейтингте тағы 19 ұпай иеленіп, әлемдік тізімде тоғызыншы орынға көтерілді.

Әйелдер арасындағы FIDE рейтингінде алғашқы бес орын Қытай шахматшыларына тиесілі. Көш басында бұрынғы әлем чемпионы Хоу Ифань тұр.

Айта кетейік, 2025 жылдың желтоқсанында Бибісара Асаубаева блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанған. Осы жетістігінің арқасында ол 2026 жылдың сәуір айында өтетін Үміткерлер турниріне алғаш рет жолдама алды. Бұл дода жеңімпазы классикалық шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчқа қатысуға мүмкіндік алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам