Жазира Жаппарқұл Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған
Ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды.
Белгілі спортшыны еліміздің ауыр атлетика федерациясының вице-президенті, Шымкент қаласы бойынша филиал президенті Мұрат Жолдыхожаев ұжымға таныстырды.
Тағайындау барысында Мұрат Жолдыхожаев Жазира Жаппарқұлдың спорттағы жетістіктері мен тәжірибесі өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға серпін беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Олимпиада жүлдегерінің федерация жұмысына араласуы жас спортшыларға мотивация беріп, кәсіби спорттың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етпек.
Олимпиада жүлдегері Жазира Жаппарқұл енді өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға бар күш-жігерін салатынын жеткізді. Ол алда жасөспірімдер спортына ерекше көңіл бөліп, жаттықтырушылар құрамымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізуді көздеп отырған көрінеді.
Жазира Жаппарқұл 69 келі салмақ дәрежесінде Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері. Сонымен бірге, әлем біріншіліктерінде екі мәрте күміс медаль иеленген (2014, 2015ж.).