Аталған жарыс 20-22 наурыз күндері өтеді.
Қазақстанның ерлер құрамасы дзюдодан Ташкенттегі сәтсіздіктен кейін өз беделін қалпына келтіруге мүмкіндік алды. Команданың Грузия астанасы Тбилисиде өтетін Grand Slam («Үлкен дулыға») турниріне қатысатын құрамы белгілі болды.
Аталған жарыс 20-22 наурыз күндері өтеді.
Бұл турнирге Қазақстан атынан 12 дзюдошы қатысады.
60 кг дейін:
Мағжан Шамшадин
Талғат Орынбасар
66 кг дейін:
Нұрқанат Серікбаев
Ақылжан Жұбатқанов
73 кг дейін:
Аңсарбек Ғайнуллин
Әнуар Жұмагелдин
81 кг дейін:
Асқар Наркулов
Мәди Амангелді
90 кг дейін:
Барақ Арқабай
100 кг дейін:
Бақжан Байтас
Бейбіт Мадеев
100 кг жоғары:
Еламан Ерғалиев
Тбилисидегі жарыс Қазақстан құрамасы үшін маңызды сынақ болмақ. Команда Tashkent Grand Slam 2026 турнирінде жүлдесіз қалып, жанкүйерлердің үмітін ақтай алмады.
Сол жарыста қазақстандық дзюдошылар арасынан ең жақсы нәтижені ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев көрсетіп, +100 кг салмақ дәрежесінде бесінші орын алған еді.
Алдағы Тбилиси турнирі қазақстандық спортшыларға сенімділікті қайта қалпына келтіріп, халықаралық аренада өз мүмкіндіктерін дәлелдеуге мүмкіндік береді.