Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Данияр Елеусіновтың жұбайы екі әйелге шабуыл жасады деп айыпталды

04.03.2026, 23:22

Боксшының жұбайы өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарды

Данияр Елеусіновтың жұбайы екі әйелге шабуыл жасады деп айыпталды
Әлеуметтік желі

Қарағанды қаласында екі жергілікті тұрғын Олимпиада чемпионы, белгілі боксшы Данияр Елеусіновтың жұбайымен болған жанжалға байланысты полицияға арызданды.

Әйелдердің айтуынша, спортшының жұбайы Майқұдықтағы олардың пәтеріне келіп, өзінің атасына қатысты мәселе бойынша наразылық білдірген. Сөзге келу барысында олардың бірі өзіне қол көтеріліп, шашынан тартылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ жанжалға әйелдің атасы да араласқанын алға тартты.

Оқиғаға байланысты екі тарап та құқық қорғау органдарына жүгінген. Ал боксшының жұбайы өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарып, бұл жағдай танымал спортшының есімін пайдаланып, қоғам назарын аударуға жасалған әрекет болуы мүмкін екенін айтты.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам