Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

10-нан астам мемлекет Паралимпиадаға бойкот жариялады

06.03.2026, 08:16

Мұндай наразылыққа Ресей мен Беларусь спортшыларына ұлттық туларымен қатысуға рұқсат берілуі себеп болған

10-нан астам мемлекет Паралимпиадаға бойкот жариялады
Фото:depositphotos.com/HelgaQ

Батыстың 10-нан астам елі, соның ішінде Украина, Германия, Канада және еуропалық бірнеше мемлекет 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатын бойкот жариялайтынын мәлімдеді. Бұл туралы DW басылымы хабарлады.

Мұндай наразылыққа Ресей мен Беларусь спортшыларына ұлттық туларымен қатысуға рұқсат берілуі себеп болған.

2026 жылы Италияда өтетін қысқы Паралимпиада ойындарына Ресейден алты, Беларусьтен төрт спортшы қатысады.

Айта кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде Халықаралық паралимпиада комитетінің (IPC) Бас ассамблеясы Украинадағы соғыс басталғаннан кейін тоқтатылған Ресей мен Беларусь паралимпиадалық комитеттерінің мүшелігін қайта қалпына келтірген болатын.

Формалды түрде осы шешімнен кейін ресейлік және беларусьтік спортшыларға Италиядағы Олимпиада ойындарына ұлттық туларымен қатысу мүмкіндігі берілген. Алайда олардың толық қатысуы халықаралық спорт федерацияларының шешіміне байланысты болды.

2025 жылдың желтоқсанында Спорттық арбитраждық сот (CAS) Ресей мен Беларусь спортшыларының Халықаралық шаңғы және сноуборд федерациясының (FIS) оларды халықаралық жарыстарға қатыстырмау туралы шешіміне берген апелляцияларын ішінара қанағаттандырды.

Нәтижесінде паралимпиадашы спортшыларға FIS жарыстарына бейтарап мәртебесіз, яғни ұлттық рәміздерімен қатысуға рұқсат берілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам