Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Азияның төрт дүркін чемпионы Жәмилә Бақбергенова Бішкекте жеңіліп қалды

Бүгін, 11:43

Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алғашқы белдесуінде 20 жастағы үндістандық Харшитаға жол берді

Азияның төрт дүркін чемпионы Жәмилә Бақбергенова Бішкекте жеңіліп қалды
Фото: gettyimages

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова күтпеген жерден жеңіліп қалды. 

Былтырғы жылғы турнир жеңімпазы саналатын Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алғашқы белдесуінде 20 жастағы үндістандық Харшитаға жол берді. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық спортшы 5 ұпай жинаса, қарсыласы 6 ұпай еншілеп, жеңіске жетті. Осылайша, Жәмилә өз чемпиондық атағын қорғай алмай, жарысты ширек финал кезеңінде аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін осы чемпионатта тағы бір қазақстандық балуан Зейнеп Баянова да жеңіліске ұшыраған болатын.

Жәмилә Бақбергенова – Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшыларының бірі. Ол төрт дүркін Азия чемпионы (2020, 2022, 2023, 2025), әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері және финалисі. Сонымен қатар, 2026 жылы Иван Ярыгин кубогының жеңімпазы атанған.

1996 жылы Алматы облысы, Ұзынағаш ауылында дүниеге келген спортшы қазіргі таңда Астана қаласының намысын қорғайды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері әлемдік рейтингте жетінші орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам