Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Тыныс Дубек Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін, 12:13

Ол енді КХДР балуанымен белдеседі. 

Тыныс Дубек Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Спортты дамыту дирекциясы

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық балуан Тыныс Дубек жартылай финалға жолдама алды.

Әйелдер күресінен 62 келіде сынға түскен қазақстандық балуан Қытай Тайпейінің балуаны Синь Пин Райды 9:2 есебімен қапы қалдырды.

Енді ол финал жолдамасын солтүстіккореялық Хён Гён Мунмен сарапқа салады.

Бүгін Қазақстан балуандары арасында 53 келіде Зейнеп Баянова жапониялық Моэ Киекоға 10:0 есебімен жол берсе, 57 келіде Нилуфар Раимова да Сара Натамиден (Жапония) мерзімінен бұрын жеңілді (13:2). Ал 65 келіде Айжан Суйдуова алғашқы белдесуін ширек финалдан бастап, Оңтүстік Корея балуанына қарсы күресте қарсылық таныта алмады. Ал Жәмила Бақбергенова (72 кг) Үндістан спортшысы Наршита Нартитамен тартысты белдесу өткізіп, соңғы сәтте ұпай теңестірген еді. Алайда челленджден кейін төрешілер отандасымыздың нәтижесін есепке алмай, 6:5 есебімен есе жіберді.

12 сәуірге дейін жалғасатын Азия чемпионатында қазақстандық балуандар арасында грек-рим құрамасы 4 жүлде иеленді. Оның ішінде Алматбек Аманбек (72 кг) чемпион атанса, Ибрагим Магомадов (82 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг), Ислам Евлоев (97 кг) қола жүлдеге ие болды.

Сонымен бірге бүгін Марал Тәңірбергенова (50 кг), Елена Шалыгина (68 кг) және Гүлмарал Еркебаева (76 кг) қола жүлде үшін белдеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам