Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Азия чемпионаты: Бекзат Үркімбай Олимпиада чемпионымен қола жүлде үшін күреседі

Бүгін, 17:45

Сонымен бірге 79 келіде Дәулет Ергеш жұбаныш белдесуіне шығады

Азия чемпионаты: Бекзат Үркімбай Олимпиада чемпионымен қола жүлде үшін күреседі
sportarena.kz

Азия чемпионатының бесінші жарыс күнінде еркін күрестен сынға түскен ҚР ұлттық құрамасының екі балуаны жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

Олардың бірі 97 келіде Бекзат Үркімбай есе жіберген жапон балуаны финалға жолдама алды. Ол маңызды белдесуде Париж Олимпиадасының чемпионы Ахмет Тажудиновті (Бахрейн) 15:6 есебімен жеңген еді. Енді Бекзат Тажудиновпен Азия біріншілігінің қола жүлдесін сарапқа салады.

Сонымен бірге, 79 келіде Дәулет Ергеш жұбаныш белдесуіне шығады. Ол моңғолиялық балуанды жеңген жағдайда құрлық біріншілігінің қола жүлдесі үшін Париж Олимпиадасының чемпионы Разамбек Жамаловпен (Өзбекстан) күреседі.

Бүгін чемпионатта күрескен Қазақстан балуандары Мерей Базарбаев (57 кг), Әділ Серікұлы (65 кг) және Санжар Досжанов (70 кг) іріктеу кезеңінде есе жіберіп, жүлде үшін күресу мүмкіндігінен біржола айырылды.

Айта кететін жайт, әйелдер құрамасының балуаны Тыныс Дубек (62 кг) Астана уақытымен Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін бозкілемге шығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам