Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Азамат Дәулетбеков пен Едіге Қасымбек Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

12.04.2026, 20:07

Еркін күрес балуандары бірде-бір алтын жүлдеге қол жеткізе алмады

Азамат Дәулетбеков пен Едіге Қасымбек Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Спортты дамыту дирекциясы

Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасының қос балуаны қола жүлдеге қол жеткізді.

Ұлттық құрама көшбасшысы Азамат Дәулетбеков 92 келіге дейінгі салмақта жапониялық Такаши Ишигуроны 6:0 есебімен жеңіп, үздік үштікке қосылды. Турнирді ширек финалдан бастаған отандасымыз Моңғолия спортшысын жеңгенімен, финалға шығу үшін өткен белдесуде Иран балуанына жол берген еді.

Сондай-ақ, 125 келіде қазақстандық Едіге Қасымбек ересектер арасындағы Азия чемпионатында алғаш рет жүлдеге қол жеткізді. Ол үшінші орын үшін өткен белдесуде тәжірибелі қытай балуаны,  Азия ойындары мен Азия чемпионатының қола жүлдегерін 8:7 есебімен жеңді.

19 жастағы балуан ересектер арасында құрлық додасында жүлдеге ие болды. Айта кетейік, қазақстандық спортшы 2025 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында (U20) топ жарған болатын.

Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасы Бішкектегі бәсекені екі қола жүлдемен аяқтады. Өкінішке қарай, қола жүлде үшін күрескен Болат Сақаев (86 кг) пен Бекзат Үркімбай (97 кг) шешуші белдесулерде есе жіберіп, турнирді бесінші орынмен аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам