Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Менің чемпионым»: Бибісара Асаубаева Жавохир Синдоровты жеңісімен ерекше құттықтады

15.04.2026, 14:25

Өзбекстандық Жавохир Синдоров Үміткерлер турнирінде жеңіске жетті

«Менің чемпионым»: Бибісара Асаубаева Жавохир Синдоровты жеңісімен ерекше құттықтады
t.me/bibissarachess

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2026 жылғы Үміткерлер турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен өзбекстандық Жавохир Синдоровтың табысына қатысты пікір білдірді.

Кипрде өтіп жатқан турнирде ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар қатар ұйымдастырылуда. 14 турдың 13-і аяқталған соң Синдоров жалпы есепте қарсыластарынан оқ бойы озып, турнир жеңімпазы атанды. Енді ол әлем чемпионы атағы үшін үндістандық Гукеш Доммараджумен бақ сынайды.

Асаубаева өзінің Telegram-арнасында Синдоровпен бірге түскен суретін жариялап, «Менің чемпионым» деген жазба қалдырды.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде қос шахматшының арасындағы жақын қарым-қатынас туралы ақпарат таралған. Алайда олар бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ.

Соған қарамастан, үміткерлер турнирі барысында қазақстандық шахматшы мен өзбекстандық гроссмейстердің бірге уақыт өткізіп, бір-біріне қолдау көрсетіп жүргені байқалады. Асаубаева бұған дейін де Синдоровпен түскен суреттерін бөліскен.

Өз кезегінде Бибісара Асаубаева 13 тур қорытындысы бойынша 7,5 ұпай жинап, үндістандық Вайшали Рамешбабумен бірге көш бастап тұр. Осылайша, қазақстандық шахматшы турнирде жеңіске жетуге әлі де мүмкіндік сақтап отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам