Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бибісара Асаубаева өзбекстандық шахматшымен байланысы туралы ашық айтты

15.04.2026, 19:40

Асаубаева 20 жастағы Жавохир Синдаровпен бірге жүргенін көрсеткен еді

Бибісара Асаубаева өзбекстандық шахматшымен байланысы туралы ашық айтты
әлеуметтік желі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровпен түскен суреттеріне қатысты пікір білдіріп, оның 2026 жылғы Үміткерлер турниріндегі жеңісін жоғары бағалады.

«Мен ол үшін қатты қуаныштымын әрі мақтан тұтамын. Біз соңғы бес жылда бірге өсіп, бір-біріміздің жетістігімізге куә болдық. Ол — өте мейірімді жан. Бұл жеңіске толық лайық», — деді Асаубаева.

Еске салайық, 20 жастағы Жавохир Синдаров Нидерланд шахматшысы Аниш Гириді жеңіп, 9,5 ұпаймен Кипрдің Пафос қаласында өткен 2026 жылғы Үміткерлер турнирін мерзімінен бұрын ұтып алды.

Ал Бибісара Асаубаева бүгін 13-турда үндістандық Дивья Дешмухпен кездеседі. Бұл ойын турнир тағдырын шешетін шешуші партия болмақ.

Бұған дейін Асаубаева Синдаровпен бірге түскен фотоларын жариялап, желі қолданушылары арасында олардың қарым-қатынасы туралы түрлі болжамдардың таралуына себеп болған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам