ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Айым Серікбаева таеквондодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

15.04.2026, 21:45

Отандасымыз финалда Мексика спортшысын айқын басымдықпен жеңді

Айым Серікбаева таеквондодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Федерацияның баспасөз қызметі

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.

Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

Финалда Серікбаева Мексика спортшысы Понсе Нуньес Ширлиді 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында жалпы үш медаль бар. Бұған дейін Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін) пен Ислам Медетбай (55 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам