Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтетін болды

23.05.2026, 09:53

Беделді дода 24 қазан мен 1 қараша аралығында ұйымдастырылады

Күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтетін болды
ҰОК

Елордада күрес түрлерінен 2026 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. 

Олимпиада бағдарламасына енген күрес түрлерінен әлем чемпионатын елімізде өткізу туралы шешімді халықаралық Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымы қабылдады. UWW өкілдері Қазақстанға бірнеше мәрте арнайы келіп, елдегі спорт инфрақұрылымының халықаралық талаптарға сәйкестігін, ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесін және дайындық деңгейін жан-жақты бағалады. Нәтижесінде ұйым Қазақстанның әлемдік деңгейдегі жарысты жоғары деңгейде өткізу мүмкіндігіне көз жеткізіп, әлем чемпионатын қабылдау құқығын елімізге сеніп тапсырды.

Сондай-ақ былтыр Біріккен күрес әлемі халықаралық федерациясының президенті Ненад Лалович Қазақстанға ресми сапармен келіп, елордадағы спорт нысандарын аралаған еді. Сапар барысында ол Астанадағы спорт кешендерінің халықаралық деңгейдегі ірі жарыстарды өткізуге толық әлеуеті бар екенін атап өткен-ді.

​Бастапқыда бұл турнир биыл Загребте өткен жиында Бахрейн астанасы Манама қаласына сеніп тапсырылған. Алайда, UWW мен Бахрейн тарапы жұма күні бірлескен мәлімдеме жасап, жарыстың басқа елге ауыстырылғанын ресми түрде жариялады.

Әлемдік деңгейдегі беделді дода 24 қазан мен 1 қараша аралығында ұйымдастырылады. Жаһанның үздік палуандары бас қосатын байрақты бәсеке елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам