Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық таеквондошы Азия чемпионатында қола жүлде алды

23.05.2026, 17:43

Ол жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, ирандық Махди Хаджимусаимен кездесті

Қазақстандық таеквондошы Азия чемпионатында қола жүлде алды
ҰОК

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында таеквондодан Азия чемпионаты жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Самирхон Абабакиров жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Құрлықтық додада Абабакиров 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Ол жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, ирандық Махди Хаджимусаимен кездесті.

Финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Хаджимусаи 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Самирхон Абабакиров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін) және Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) да Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам