Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының алтынына таласады

Бүгін, 13:02

Алтын медаль үшін үндістандық Лаки есімді балуанмен белдеседі

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының алтынына таласады
ANDREJ ISAKOVIC/AFP via Getty Images

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты.

125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында қазақстандық балуан Қырғызстан өкілі Жарғалан Будажаповты 14:4 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Енді Ризабек Айтмұхан алтын медаль үшін үндістандық Лаки есімді балуанмен белдеседі.

Күрестен U23 Азия чемпионаты 23-31 мамыр аралығында Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатыр. 

Айта кетейік, еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан америкалық Real American Freestyle (RAF) лигасындағы келесі қарсыласын білді.

RAF ұйымының хабарлауынша, қазақстандық балуан 13 маусым күні АҚШ-тың Миссури штатындағы Сент-Луис қаласында өтетін RAF 10 турнирінде белдеседі. Бұл жолы оның қарсыласы – америкалық спортшы әрі промоушендегі дебютант Хейден Зилльмер болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам