Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ризабек Айтмұхан АҚШ-та жаңа қарсыласымен белдеседі

Бүгін, 12:24

Ол соңғы рет атақты америкалық балуан Кайл Снайдерден жеңілген

Ризабек Айтмұхан АҚШ-та жаңа қарсыласымен белдеседі
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан америкалық Real American Freestyle (RAF) лигасындағы келесі қарсыласын білді.

RAF ұйымының хабарлауынша, қазақстандық балуан 13 маусым күні АҚШ-тың Миссури штатындағы Сент-Луис қаласында өтетін RAF 10 турнирінде белдеседі. Бұл жолы оның қарсыласы – америкалық спортшы әрі промоушендегі дебютант Хейден Зилльмер болмақ.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан соңғы кездесуін өткен айда RAF 08 турнирінде өткізген еді. Ол Олимпиада чемпионы, атақты америкалық балуан Кайл Снайдермен күш сынасып, тартысты белдесуде 6:12 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстандық спортшы алғашқы сәттерде 6:0 есебімен алда тұрғанымен, қарсыласы кейін камбэк жасап кеткен болатын.

Ризабек Айтмұхан – 2023 жылғы әлем чемпионы. Сонымен қатар Азия чемпионаттарының үш дүркін күміс жүлдегері саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам