Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бибісара Асаубаева үндістандық қарсыласына есе жіберді

Бүгін, 10:29

Енді әлемнің қазіргі чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньпен шеберлік байқасады

Бибісара Асаубаева үндістандық қарсыласына есе жіберді
Әлеуметтік желі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 турнирінің үшінші турында үндістандық Дивья Дешмухпен тең түсіп, кейін армагеддон форматындағы қосымша партияда жеңіліп қалды.

Классикалық партия жеңімпазды анықтай алмады. Ал турнир ережесіне сәйкес өткізілген армагеддонда қарсыластар тағы да тең нәтиже тіркегенімен, регламент бойынша қосымша 0,5 ұпай қара фигуралармен ойнаған үндістандық шахматшының еншісіне жазылды. Бұл кездесуде Асаубаева ақ тастармен өнер көрсетті.

Соған қарамастан, үш тур қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаева 5,5 ұпаймен турнир кестесіндегі жеке-дара көшбасшылығын сақтап қалды. Ал Дивья Дешмух 4,5 ұпаймен екінші орында келеді.

Келесі турда қазақстандық шахматшыны аса маңызды кездесу күтіп тұр. Асаубаева әлемнің қазіргі чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньпен шеберлік байқасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам