Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Кінәлілер жазалануы керек»: Мәжіліс депутаты Шайдоров мәселесіне араласты

Бүгін, 16:24

Ол сондай-ақ Михаил Шайдоровтың жалақы мәселесін жайдан-жай көтермегенін атап өтті

«Кінәлілер жазалануы керек»: Мәжіліс депутаты Шайдоров мәселесіне араласты
ҰОК

Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың бірнеше ай бойы жалақы алмауына қатысты пікір білдіріп, спорт саласындағы жауапты тұлғаларды қатаң бақылауға алып, кінәлілерді жазалау қажет екенін айтты.

Депутаттың сөзінше, спорттағы әрбір жетістік – мемлекеттің халықаралық имиджінің бір бөлігі. Сондықтан Олимпиада чемпиондары мен ұлттық құрама спортшыларына жасалатын қолдау жүйесі ашық әрі әділ болуы тиіс.

«Спортшылардың жетістігі – елдің абыройы. Мемлекет спортты қалай қолдайтынына қарап-ақ, оның даму деңгейін бағалауға болады. Әсіресе, Олимпиада деңгейіндегі спортшыларға қатысты мәселелер ерекше назарда болуы керек. Спортшыларды даярлауға және Олимпиадалық резервке бөлінетін қаражаттың жұмсалу тәртібі толықтай ашық әрі есеп беруге міндетті болуы қажет», – деді Рахымжанов Мәжіліс кулуарында.

Ол сондай-ақ Михаил Шайдоровтың жалақы мәселесін жайдан-жай көтермегенін атап өтті.

«Егер спортшы жалақысының тоқтатылғанын немесе қысқартылғанын айтып отырса, оның артында нақты себеп бар деген сөз. Спортшылар – ар-намысты жоғары қоятын адамдар. Дәлелсіз мәлімдеме жасамайды. Сондықтан бұл жағдайды жан-жақты тексеріп, кінәлілер болса, жауапқа тарту қажет», – деді депутат.

Рахымжанов спорт саласындағы қаржыландыру жүйесінде жемқорлық тәуекелдері барын да жасырмады. Оның айтуынша, спорт клубтары мен спортшыларды қаржыландыруға қатысты мәселелер ел басшылығының ерекше бақылауында болуы тиіс.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам