Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Көкпарға дайындықта 13 жастағы жасөспірім көз жұмды

Бүгін, 18:17

Қайғылы жағдай 26 мамыр күні болған

Көкпарға дайындықта 13 жастағы жасөспірім көз жұмды
коллаж: 1bol.kz

Ақмола облысында көкпарға дайындық барысында қайғылы оқиға орын алды. Целиноград ауданында 13 жастағы жасөспірім аттан құлап, алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 26 мамыр күні тіркелген. Алдын ала деректерге сәйкес, 2012 жылы туған жасөспірім ұлттық спорт түрі – көкпар бойынша жаттығуға қатысқан. Жаттығу кезінде ол аттан құлап, ауыр жарақат алған.

Өкінішке қарай, жасөспірімнің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Аталған факті бойынша кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Тергеу барысында жаттығуды ұйымдастырған тұлғалардың, сондай-ақ қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапты азаматтардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Полиция департаменті тергеу нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам