Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Шайдоровтан кейін тағы бір жанжал: белгілі бапкер Василий Левитті айыптады

Бүгін, 16:36

Василий Левит оны кабинетіне шақырып, өз еркімен жұмыстан кетуді талап еткен

Шайдоровтан кейін тағы бір жанжал: белгілі бапкер Василий Левитті айыптады
коллаж: 1bol.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның бұрынғы жаттықтырушысы Эльмира Тұрғанова 2025 жылғы Қысқы Универсиададан кейін қызметінен қалай босатылғанын айтып, Астана қалалық Спорт басқармасының басшысы Василий Левитке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы meta-ratings.kz жазды.

Турганованың айтуынша, Универсиада қарсаңында Василий Левит оны кабинетіне шақырып, өз еркімен жұмыстан кетуді талап еткен.

«Мен жалғызбасты ана екенімді, екі баланы өзім тәрбиелеп отырғанымды, ипотека төлейтінімді түсіндірдім. Олимпиада лицензиясы үшін күресіп жатқанымызды айтып, кем дегенде наурыз айының соңына дейін жұмыс істеуге мүмкіндік беруін өтіндім. Алайда маған дәл қазір жұмыстан кетуім керек екенін айтты», – деді жаттықтырушы.

Оның сөзінше, кейіннен қызметінен босатылғанымен, мұндай шешімнің нақты себебі түсіндірілмеген.

«Неліктен біздің елде нәтиже көрсетіп жүрген мамандар кейбір шенеуніктерге ұнамайтынын түсінбеймін. Олимпиада жолдамасы да, жоғары нәтиже де маңызды емес сияқты әсер қалдырды. Өз еңбегімен жетістікке жеткен адамдардың еңбегі бағаланбайтын секілді», – деді ол.

Сондай-ақ Тұрғанова еңбек орнына қайта оралу үшін сотқа жүгінуге дайындалғанын айтты. Оның сөзінше, адвокаты қоғамдық резонанс тудыруға кеңес бергенімен, ол кезде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәселені шешуге уәде берген.

«Маған бәрі әділ шешіледі деп айтылды. Бірақ бүгінге дейін ол уәделер орындалған жоқ», – деді маман.

Жаттықтырушының айтуынша, бұл жағдай Қазақстан спортының беделіне де әсер еткен. Ол сол кезеңде халықаралық БАҚ назарында болғанын және Олимпиада лицензиясына дайындалып жатқан бапкердің жұмыстан шығарылуы түсініксіз көрінгенін жеткізді.

Сонымен қатар Турганова Василий Левиттің Дүниежүзілік Универсиаданы маңызды жарыс әрі нәтиже ретінде бағаламағанын мәлімдеді.

Сөз соңында жаттықтырушы қоғамнан қолдау сұрап, әділдіктің орнауына көмектесуге шақырды. Оның айтуынша, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың жалақы мәселесіне қатысты мәлімдемесі өз ойын ашық айтуға түрткі болған.

Айта кетейік, Эльмира Тұрғанова мен Софья Самоделкинаның бірлескен жұмысы спортшының Қазақстан азаматтығына ауысу кезеңінде басталған. Жаттықтырушы қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстарына қатысып, 2024 жылдың қыркүйегінде Софья Самоделкинаның жеке бапкері атанды.

Еске салсақ, 2026 жылғы Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында Софья Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сында 207,46 ұпай жинап, 10-орынға ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам