Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ильфат Абдуллин садақ атудан Словенияда алтын алды

Бүгін, 20:22

Ол Үндістан спортшысы Сачин Гуптаны жеңіп, алтыннан алқа тақты

Ильфат Абдуллин садақ атудан Словенияда алтын алды
t.me/DRSQazaqstan

Словенияның Камник қаласында өткен садақ атудан «Veronica’s Cup» халықаралық турнирінде ересектер санатында Қазақстан команда қос жүлдеге қол жеткізді.

Классикалық садақ атудан ерлер арасындағы финалда Ильфат Абдуллин Үндістан спортшысы Сачин Гуптаны жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Ал құралмалы садақпен атудан командалық сында Қазақстан әйелдер командасы үздік үштікті түйіндеді. Ел намысын Виктория Лян, Роксана Юнусова мен Адель Жексенбинова қорғады. Отандастарымыз кіші финалда Люксенбург ұжымынан басым түсті.

Айта кетейік, дәстүрлі бәсекеге биыл 30-ға жуық мемлекеттен 330-дан астам мерген қатысты. Кеше U18 және U21 жас санатында Қазақстан спортшылары бірнеше жүлдеге ие болды. Осының нәтижесінде Қазақстан командасы жалпыкомандалық есепте Италиядан кейінгі 2-орынға тұрақтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам