ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Заңғар Нұрланұлы «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты

02.06.2026, 09:32

Отандасымыз америкалық Агасси Рашерді жеңді

Заңғар Нұрланұлы «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8 финалына шықты
KTF

17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатының екінші айналымында сенімді жеңіске жетті.

Жарыстың 8-ші нөмірлі ойыншысы болып тіркелген отандасымыз америкалық Агасси Рашерді (ITF жасөспірімдер рейтингінде 94-орын) екі сетте тас-талқан етті – 6:2, 6:1. Кездесу бар-жоғы 1 сағат 6 минутқа созылды, бұл уақытта Нұрланұлы корттағы жағдайды толықтай өз бақылауында ұстады.

Осы табысының арқасында Заңғар Париждегі беделді Үлкен дулыға турнирінің 1/8 финалына жолдама алды. Ширек финал жолдамасы үшін ол Янник Альварес (Пуэрто-Рико) – Леонардо Шторк Франка (Бразилия) текетіресінің жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Париждегі кортта Заңғар Нұрланұлына ерекше қолдау көрсетілді. Жас таланттың маңызды матчына Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов арнайы барып, трибунадан жеке өзі жанкүйер болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам