Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақтың жас балуандары Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды

Бүгін, 10:00

Қазақстан күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында өнер көрсетті

Қазақтың жас балуандары Азия чемпионатында 14 медаль жеңіп алды
UWW

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы бұл бәсекеде 14 медаль жеңіп алды.

Еркін күрес

Әділет Рысбай (71 келіге дейін) жарыс жеңімпазы атанды.

Мардан Орынбасаров (60 келіге дейін) күмістен алқа тақты.

Ал Сабыржан Рахатов (51 келіге дейін), Темірғали Мұрат (55 келіге дейін), Әділбек Ерболатов (80 келіге дейін), Нұрислам Айтуған (92 келіге дейін) қола медальға ие болады.

Грек-рим күресі

Қуанышбек Жаңажол (51 келіге дейін), Мирас Махамбет (65 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.

Арыстан Темерғали (110 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.

Әли Алмас (45 келіге дейін), Датқа Лесбек (48 келіге дейін) үшінші орын алды.

Әйелдер күресі

Інжу Баққожа (46 келіге дейін), Арайлым Көпжасар (53 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Аянат Мейнамбай (49 келіге дейін) қола жүлде жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам