Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Асаубаевадан тағы бір сенсация: Қытай өкілін жеңіп, алтынға бір қадам жақындады

Бүгін, 11:32

Қазіргі уақытта қазақстандық шахматшының қоржынында 12,5 ұпай бар

Асаубаевадан тағы бір сенсация: Қытай өкілін жеңіп, алтынға бір қадам жақындады
әлеуметтік желі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан беделді Norway Chess Women-2026 турнирінде сәтті өнер көрсетуін жалғастырып жатыр.

Жетінші турда отандасымыз Қытай өкілі Чжу Цзиньэрмен кездесіп, классикалық партияда сенімді жеңіске жетті. Бұл жеңіс үшін Асаубаева толық үш ұпай еншілеп, турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын одан әрі нығайта түсті.

Маңызды жеңістің арқасында Бибісара ең жақын қарсыластарынан ұпай айырмасын ұлғайтып, чемпиондыққа басты үміткер екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазіргі уақытта қазақстандық шахматшының қоржынында 12,5 ұпай бар. Ал екінші орында келе жатқан үндістандық Дивья Дешмух 8,5 ұпай жинаған. Осылайша, екі спортшының арасындағы айырмашылық төрт ұпайға жетті.

Алдағы тур Бибісара үшін аса маңызды болмақ. Ол тікелей басты бәсекелестерінің бірі саналатын Дивья Дешмухпен кездеседі. Бұл партия турнир тағдырына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Жеті турдан кейінгі турнирлік кесте төмендегідей:

  1. Бибісара Асаубаева (Қазақстан) — 12,5 ұпай
  2. Дивья Дешмух (Үндістан) — 8,5 ұпай
  3. Анна Музычук (Украина) — 8,0 ұпай
  4. Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) — 8,0 ұпай
  5. Чжу Цзиньэр (Қытай) — 7,0 ұпай

Айта кетейік, Norway Chess Women турнирі әлемнің үздік шахматшыларын жинаған ең беделді жарыстардың бірі саналады. Асаубаева турнир басталғалы бері тұрақты ойын өрнегін көрсетіп, чемпиондық атаққа бір табан жақындай түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам