Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Пеленің тарихи футболкасы 6 миллион долларға бағаланды

Бүгін, 11:02

Аукцион 2026 жылғы әлем чемпионаты кезінде 16 шілде күні өтеді

Пеленің тарихи футболкасы 6 миллион долларға бағаланды
коллаж: 1bol.kz

Футбол тарихындағы ең құнды жәдігерлердің бірі – аңыз ойыншы Пеле киген жейде аукционға шығарылды. Сарапшылар оның бағасын 6 миллион АҚШ долларынан жоғары деп бағалап отыр.

Sotheby’s мәліметінше, бұл жейде 1958 жылғы әлем чемпионатының финалында Бразилия құрамасы сапында киілген. Сол матчта небәрі 17 жастағы Пеле Швеция қақпасына екі гол соғып, өз елінің 5:2 есебімен жеңіске жетуіне үлкен үлес қосқан еді.

Тарихи жейде 10-нөмірмен белгіленген және Нью-Йорктегі Манхэттенде орналасқан Sotheby’s жаңа штаб-пәтерінде көпшілік назарына ұсынылады. Аукцион 2026 жылғы әлем чемпионаты кезінде, 16 шілдеде өтпек.

Мамандардың айтуынша, бұл жәдігер футбол тарихындағы ең қымбат заттардың бірі болуы мүмкін. Бұған дейінгі рекорд 1986 жылғы әлем чемпионатында Диего Марадона киген жейдеге тиесілі болған – ол 9,3 миллион долларға сатылған.

Диего Марадона сол турнирдің ширек финалында Англияға қарсы матчта екі гол соғып, соның ішінде әйгілі «қолмен соғылған» доппен есте қалған еді.

Айта кетейік, Пеленің финалдағы жейдесі кейін оның командаласы әрі досы Дидаға сыйға берілген. Бұйым ондаған жылдар бойы оның отбасында сақталып, кейін аукционға шығарылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам