Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық екі самбошы элиталық турнирде допинг-тесттен өте алмады

Бүгін, 12:46

Екі спортшы да уақытша жарыстардан шеттетілді

Қазақстандық екі самбошы элиталық турнирде допинг-тесттен өте алмады
Әлеуметтік желі

Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) Қазақстанның екі самбошысы Жалғас Жұмағалиев пен Ерасыл Ғабдулманапқа қатысты антидопинг ережелерін бұзу бойынша алдын ала хабарлама жіберді.

ITA таратқан мәліметке сәйкес, 2026 жылдың 12 сәуірінде Арменияның Ереван қаласында өткен жарыс кезінде алынған допинг сынамаларынан тыйым салынған мельдоний және дростанолон метаболиті анықталған.

Спортшыларға нәтижелер туралы ресми түрде хабар берілген. Олар B сынамасын қайта тексеруге сұраныс беруге құқылы. Егер B сынамасы A нәтижесін растаған жағдайда, іс антидопинг ережелерін бұзу фактісі ретінде толық расталады. Ал егер қайта тексеру сұралмаса, нәтиже автоматты түрде күшінде қалады.

Қазіргі уақытта ITA ережесіне сәйкес екі спортшы да уақытша жарыстардан шеттетілді. Дегенмен, түпкілікті дисквалификация мерзімі әлі белгіленген жоқ. Спортшыларға өз ұстанымдарын білдіруге және түсініктеме беруге мүмкіндік беріледі.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағалиев самбодан әлемдік деңгейдегі күміс жүлдегер саналады. Ол бұған дейін Naiza лигасында ММА жекпе-жегіне шығып, Сұлтан Тағиевке төрешілер шешімімен есе жіберген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам