Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Асаубаева тарихи жеңісінен кейін Синдаровтың қалай қолдау көрсеткенін айтты

Бүгін, 11:46

Асаубаева қазіргі таңда әлемдік рейтингте төртінші орында тұр

Асаубаева тарихи жеңісінен кейін Синдаровтың қалай қолдау көрсеткенін айтты
instagram/@fide_chess

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess турниріндегі тарихи жеңісінен кейін өзіне қолдау көрсетіп жүрген жақын адамдары туралы айтты.

22 жастағы спортшы жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда чемпион атанып, Norway Chess турнирі тарихындағы ең жас жеңімпаз ретінде рекорд орнатты. Оның айтуынша, бұл жетістікке жету жолында отбасы мен бапкерлерінің қолдауы ерекше рөл атқарған.

Асаубаева қазіргі таңда әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілгеніне қуанышты екенін атап өтті.

«Соңғы турда жеңістің дәмін сезінемін, бірақ жақсы ойын көрсеткім келеді. Әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілгеніме қуаныштымын және турнир аяқталғаннан кейін де осы позициямды сақтап қаламын деп үміттенемін. Алдағы мақсатым – ойынымды одан әрі жетілдіріп, әлемнің бірінші шахматшысы атану. Қазір мен шахматтан ләззат алып, дамуды жалғастырғым келеді», – деді Бибісара Асаубаева.

Сондай-ақ ол өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаровтың қолдауына тоқталды. Бибісараның сөзінше, Синдаров бұл жолы турнирге қатыспаса да, Ослоға арнайы келіп, оған моральдық тұрғыдан қолдау көрсетіп, шахматтық дебюттер бойынша көмектесіп жүрген көрінеді.

«Жұма күні мұнда анам да келеді. Жақын адамдарымның жанымда болғанына өте қуаныштымын. Меніңше, бұл – Жавохир менімен бірге жүрген алғашқы турнир, бірақ ол жарысқа қатысып жатқан жоқ. Оның қолдауы мен үшін өте маңызды. Жавохир маған көмектеседі, соның ішінде дебюттік дайындықта да ақыл-кеңесін береді. Сонымен қатар бапкерлеріммен де белсенді жұмыс істеп жатырмын», – деді Асаубаева.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам