Ол моңғол балуаны Болортунгалаг Зоригке есе жіберді
Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан халықаралық «Улан-Батор Оупен» турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды.
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы жартылай финалда жарыс қожайыны, моңғол балуаны Болортунгалаг Зоригпен кездесіп, 2:6 есебімен ұтылып қалды. Осылайша ол финалға жолдама ала алмады.
Бұған дейін Бақбергенова алғашқы кезеңдерде моңғол спортшыларының бірін жеңіп, жақсы нәтиже көрсеткен болатын. Алайда жартылай финалда қарсыласының басымдығына төтеп бере алмады.
Енді қазақстандық балуан қола медаль үшін күресті жалғастырады. Үшінші орын үшін белдесуде моңғол спортшысы Одгэрэл Эрдене-Очирмен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін спортшының олимпиадалық салмаққа ауысқаны туралы жазған едік.