Отандасымыз 61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады
Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
Отандасымыз 61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Финалда ол АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен жолықты. Белдесудің қорытындысы бойынша америкалық балуан жеңіске жетті.
Сондай-ақ 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев қола жүлде үшін өткен белдесуде жапониялық Нацура Окадзаваға жол берді.
Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар.