ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Асу Алмабаев RAF-тегі алғашқы белдесуінде 1 минутта жеңіліп қалды

Бүгін, 10:34

ДиДжулиус алғашқы кезеңнің 88-секундында 10:0 есебімен жеңді

Асу Алмабаев RAF-тегі алғашқы белдесуінде 1 минутта жеңіліп қалды
RAF

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев Real American Freestyle (RAF) лигасындағы алғашқы белдесуін өткізді.

Кливлендте өткен RAF 12 еркін күрес турнирінде Алмабаев америкалық Джонни ДиДжулиуспен кездесті. Белдесу қазақстандық спортшы үшін сәтсіз аяқталды.

ДиДжулиус алғашқы кезеңнің 88-секундында 10:0 есебімен басымдыққа жетіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Осылайша, Алмабаевтың RAF лигасындағы алғашқы белдесуі жеңіліспен аяқталды. Ал оның қарсыласы мұндағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін ДиДжулиус америкалық Конор Бибті жеңген. Сондай-ақ оның еншісінде Пат Луго мен Владимир Хинчегашвилиден екі жеңіліс бар.

Айта кетейік, RAF 12 турнирінің басты белдесуінде Мераб Двалишвили мен Генри Сехудо қарымта кездесуде сынға түседі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам