ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақстандық дзюдошы финалда Ресей өкілін жеңіп, үшінші алтынды алды

Бүгін, 12:50

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы финалда Ресей өкілін жеңіп, үшінші алтынды алды
IJF

Қазақстандық дзюдошы Әділжан Жаудинов Гуаякильде (Эквадор) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.

Финалда Әділжан Ресей өкілі Абдулманаф Рамазановтан басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын медаль бар. Бұған дейін Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) мен Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) чемпион атанған еді.

Ал Адия Жанахмет (40 келіге дейін), Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін) және Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) күміс медаль иеленді.

Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін), Ахмет Баубек (60 келіге дейін), Ерік Үсенов (66 келіге дейін) және Еркен Бекали (73 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам