ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Елдос пен Абибаның ізбасарлары әлем чемпионатында командалық сайыста алтын алды

Бүгін, 09:08

Финалда Қазақстан құрамасы Бразилиямен кездесіп, тартысты бәсекеде 4:3 есебімен жеңіске жетті

Елдос пен Абибаның ізбасарлары әлем чемпионатында командалық сайыста алтын алды
IJF

Қазақстан дзюдосының жас буыны Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір жарқын нәтижеге қол жеткізді. Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев пен Абиба Әбужақынова секілді ұлттық құраманың көшбасшыларына ізбасар болып келе жатқан жас дзюдошылар аралас командалық сайыста әлем чемпионы атанды.

Финалда Қазақстан құрамасы Бразилиямен кездесіп, тартысты бәсекеде 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Шешуші белдесулерде ел намысын Ғабит Расулхан, Інжу Жұмажан, Еркен Бекали, Тоғжан Төлебай, Әділжан Жаудинов және Иянат Жұбатқан қорғады.

Бұл алтын Қазақстан құрамасының Гуаякильдегі әлем чемпионатындағы табысты өнерін түйіндей түсті. Бұған дейін жекелей сындарда қазақстандық дзюдошылар он медаль жеңіп алған еді.

Ғабит Расулхан 60 келіге дейінгі, Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі, ал Әділжан Жаудинов 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.

Адия Жанахмет, Әділжан Нұрбекен және Інжу Жұмажан күміс жүлде иеленсе, Бекарыс Құдайберген, Ахмет Баубек, Ерік Үсенов пен Еркен Бекали қола медальға қол жеткізді.

Осылайша, қазақстандық жас дзюдошылар жекелей сындағы нәтижелерін командалық алтынмен толықтырып, әлем чемпионатын жоғары деңгейде аяқтады. Бұл нәтиже ұлттық құраманың болашақ буыны қалыптасып келе жатқанын тағы бір мәрте көрсетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам