Қазақстан күрес түрлерінен U20 әлем чемпионатын 4 медальмен аяқтады

Ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс, 2 қола түсті

UWW
UWW

Словакияның Братислава қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасының қоржынына жалғыз алтын медальді грек-рим күресінің өкілі Қазыбек Қалмағамбетов (67 келіге дейін) салды.

Еркін күрестен Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болса, Нұрасыл Асамбек (57 келіге дейін) және Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін) қола медаль алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам