ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақстан волейболшылары Азия чемпионатында Таиландқа есе жіберді

Бүгін, 10:28

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Аустралияны жеңіп, бір рет жеңіске жетті

Қазақстан волейболшылары Азия чемпионатында Таиландқа есе жіберді
ҰОК

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы өнер көрсетуін жалғастыруда.

Топтық кезеңдегі соңғы матчта қазақстандық волейболшылар Таиланд құрамасымен кездесті. Бұл ойында қарсыластар 3:1 (25:22, 25:16, 23:25, 25:11) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Аустралияны жеңіп, бір рет жеңіске жетті. Ал Таиланд пен Индонезия құрамаларына есе жіберді.

Азия чемпионатының ширек финалына әр топтан үздік екі команда жолдама алады. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы B тобында екінші орында тұр. Алайда командалардың қорытынды орны 26 тамызда өтетін Индонезия мен Аустралия құрамалары арасындағы матчтан кейін белгілі болады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам