Қазақстандық екі дзюдошы Лозаннадағы Grand Slam-де ширек финалға шықты

Талғат Орынбасар, Нұрқанат Серікбаев және Дана Әбдірова жарысты ерте кезеңде аяқтады

ҰОК
ҰОК

Бүгін, 28 тамызда Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі басталды.

Жарыстың ширек финалына Қазақстан құрамасының екі спортшысы жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов 1/8 финалда швейцариялық Давид Гоштан басым түсті. Енді ол жартылай финал жолдамасы үшін Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері, франциялық Лука Мхеидземен белдеседі.

66 келіге дейінгі салмақта Ақылжан Жұбатқанов Тәжікстан өкілі Искандар Махмадходжазаданы жеңіп, ширек финалға шықты. Ол жартылай финалға жолдама алу үшін ресейлік Рамазан Абдуллаевпен күш сынасады.

Ал Талғат Орынбасар (60 келіге дейін), Нұрқанат Серікбаев (66 келіге дейін) және Дана Әбдірова (57 келіге дейін) жарысты ерте кезеңде аяқтады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам