ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақстан шахмат Олимпиадасында басты фавориттердің қатарында

Бүгін, 08:49

Құрамадағы үздік төрт шахматшының орташа рейтингі – 2421 ұпай

Қазақстан шахмат Олимпиадасында басты фавориттердің қатарында
ФИДЕ

Қазақстанның әйелдер құрамасы 2026 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында төртінші нөмірмен өнер көрсетеді.

Құрамадағы үздік төрт шахматшының орташа рейтингі – 2421 ұпай. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстаннан тек Үндістан (2476), Грузия (2449) және Қытай (2432) алда тұр. Ал АҚШ құрамасы 2413 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.

Қазақстан атынан Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева сынға түседі. Команда капитаны – Павел Коцур.

Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы 15–27 қыркүйек аралығында Самарқанд қаласында өтеді. Жарысқа әйелдер арасында 192 құрама қатысады. Командалар 11 тур бойы швейцариялық жүйемен ойнайды.

Қазақстан құрамасы бұған дейін 2024 жылы Будапештте өткен Олимпиадада күміс жүлде иеленген. Бұл – еліміздің аталған жарыстағы алғашқы тарихи медалі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам