ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Назым Қызайбай маңызды жарыс алдында қазақстандықтарға үндеу жасады

Бүгін, 10:42

Қазақстандық боксшы тамыз айын толығымен жаттығуға арнағанын айтты

Назым Қызайбай маңызды жарыс алдында қазақстандықтарға үндеу жасады
әлеуметтік желі

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы әрі Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Жапонияда өтетін Азия ойындарына қызу дайындалып жатыр.

Қазақстандық боксшы тамыз айын толығымен жаттығуға арнағанын айтып, алдағы жарыстар алдында жанкүйерлерден қолдау сұрады.

«Тамыз айы да жаттығумен өтті. Жаттығу, жаттығу және тағы да жаттығу. Қатаң режим мен тәртіп. Алда маңызды жарыстарға толы қарбалас қыркүйек күтіп тұр. Мен үшін де, еліміз үшін де тілекші болып, қолдау білдіріңіздер. Осы уақытқа дейінгі жаттығуларымыз бен төккен теріміз жақсы нәтижеге жеткізеді деп сенемін», — деп жазды Назым Қызайбай.

XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Құрлық додасына Азия елдерінің 11 мыңнан астам спортшысы қатысады деп жоспарланған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам