Таеквондошы Айдана Құмартаева Муджудағы Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды

Муджудағы жарысқа 6 отандасымыз аттанды

Спортты дамыту дирекциясы.
Спортты дамыту дирекциясы.

Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында басталған WT таеквондодан әлемдік Гран-при сериясының турнирінде Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті.

Жарыстың алғашқы күні даянгқа шыққан Айдана Құмартаева 49 кг дейінгі салмақта 3-орын алды. Отандасымыз жартылай финалда осы салмақта әлем чемпионы Лю Ю-юнмен (Қытайдың Тайпейі) күш сынасты. Аса тартысты өткен жекпе-жекте Лю басым түсті. Осылайша, Айдана жарысты қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Муджудағы жарысқа 6 отандасымыз аттанды. Барлығы 46 мемлекеттен 248 таеквондошы жиналды.

Бұл осы маусымдағы Гран-при сериясының 2-кезеңі. Шешуші турнир биыл күзде Астанада өтеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам