Юсуф Ашрапов Қазақстанға екінші алтынды сыйлады

Юсуф Ашрапов әлем чемпионы атанды

UWW
UWW

Қазақстанның грек-рим күресінен ұлттық құрамасы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медаль жеңіп алды.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Ашрапов финалдық белдесуде армениялық Гаспар Тертеряннан басым түсіп, әлем чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыстағы алтын медаль санын екіге жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Айбек Айтбеков те әлем чемпионы атанған еді. Ол финалда әзербайжандық Эльмир Алиевті жеңіп, алтын медаль иеленді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам