U23 әлем чемпионаты: Темірлан Тұрдақын күміс, Арсен Жұма қола алды

Қазақстан қоржынына күміс пен қола түсті

UWW
UWW

Қазақстандық балуандар грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында тағы екі медаль жеңіп алды. Темірлан Тұрдақын күміс жүлдегер атанса, Арсен Жұма қола медаль иеленді.

87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен 20 жастағы Темірлан Тұрдақын финалда ирандық 23 жастағы Ясин Әли Яздимен белдесті. Шешуші кездесуде қазақстандық балуан 0:4 есебімен жеңіліп, әлем чемпионатының күміс медаліне ие болды.

Ал 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Арсен Жұма қола жүлде үшін белдесуде жеңіске жетті. Ол жұбаныш белдесуінде албаниялық Анди Муцуды 8:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. Одан кейін Қырғызстан өкілі Барсбек Асанқожоевты таза жеңіп, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Осылайша, әлем чемпионатының үшінші күнінде Қазақстан құрамасы екі жүлдеге қол жеткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам